Қысқы Олимпиада мәзірі жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 18 қараша

18 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжің 2022 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиадалық спортшылар мәзірі ресми түрде жарияланды. Әр түрлі нәрлі тағамдар мәзірі әлемге қытайдың қонақжай дәстүрін әйгілейтін болады.

«Біз спортшыларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлығы 678 арнайы тағам түрлерімен қамтамасыз етеміз», - деп таныстырды Бейжің Қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті Олимпиада ауылы департаментінің Олимпиадалық ауылды тамақтандыру қызметін көрсету кеңсесінің директоры Ян Хан. Қытай мен Батыс тағамдарының қолдану арақатынасын 3:7 көрсеткіш құрайды. Мейрамхана әр мәзір үшін вегетариандық және халал тағамдар сериясын дайындап, әртүрлі тамақ өнімдері мен дінді ұстанатын көпшіліктің ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін косер тағамдарын ұсынады.

Ойын барысында Қысқы Олимпиада мен Қысқы Паралимпиада ауылы спортшыларға сапалы қызмет көрсету үшін интеллектуалды тамақтануды іске қосады. Мысалы, спортшылар орналасқан мейрамхананың кіреберісінде нақты уақыт режимінде тамақтанатын адамдардың санын көрсету үшін жылу картасының дисплей экраны орнатылады; спортшылар мейрамханасының кіру және шығу тәртібі, тамақ алу орнының сызбасы, ыдыс-аяқтарды жинау сияқты маңызды орындарда бет маскасы, қолғаптар, алкогольді мақта жастықшалары және қол жууға арналған зарарсыздандыру құралдары сияқты эпидемияға қарсы жабдықтар қойылады.

 Қысқы Олимпиада ойындары кезінде Қысқы Олимпиада ауылы мейрамханасы күн сайын 200-ге жуық тағам түрін ұсынады әрі 8 күндік циклде бір рет өзгеріп отырады.

Қысқы Олимпиада ойындары дәстүрлі қытай фестивалі болып табылатын Қытай Жаңа жылымен (көктем мерекесі) тұспа-тұс келетіндіктен, мәзірде Қытай Жаңа жылы фестивалінің мазмұнын ашатын көптеген ерекше тағамдар қосылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото