Гегемонияны сақтау үшін «Таза желі» жоспарын бастау ойыны

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 19 қараша

19 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2020 жылдың 5 тамызында АҚШ қытайлық компанияларды нысанаға алды. АҚШ-тың сол кездегі Мемлекеттік хатшысы Помпео «Таза желі» бағдарламасын іске қосып, Қытай компаниялары АҚШ елінің қауіпсіздігі мен азаматтарының жеке өміріне «үлкен қатер төндіреді» деген сылтаумен, 5G саласындағы Huawei және басқа қытайлық компанияларды тізгіндеу әрекеттеріне барды. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін Помпео мен Мемлекеттік хатшының сол кездегі орынбасары Кит Крач әр елдерді аралап жұртты иландырмақ болды.

Дегенмен, неміс тілінде шығатын «Daily Mirror» газетінің хабарлағанындай, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Германиядағы ресми орындар жылдар бойы жүргізген тексерулерден кейін Huawei жабдығынан ешқандай айқын қауіпсіздік қатерлерін таппайды, керісінше, АҚШ-тық Cisco жабдығында қауіпсіздіктің осал тұстары жиі кездескен.

Америка Құрама Штаттарының жалған дәйектерді ойлап тауып, Қытай компанияларының беделін түсірудегі шынайы мақсаты – өзінің технологиялық монополиясы мен гегемониясын сақтап қалу. Шын мәнінде, жаһандық киберқауіпсіздікке қатер төндіретін АҚШ-тың өзі. Британдық жазушы және халықаралық мәселелер бойынша сарапшы Том Фодей Google, Microsoft, Amazon және Facebook сияқты ірі интернет-компаниялардың барлығы американдық компаниялар екенін, бұлар АҚШ үкіметіне ғаламдық бақылау желісін құруға мүмкіндік жасау үшін деректерді беріп отыратынын атап өтті.

Америка Құрама Штаттары қытайлық технологиялық компанияларды жосықсыз басып, ұлттық билікті теріс пайдаланды және нарықтық принциптерге нұқсан келтірді. Нәтижесінде халықаралық нарықты бұзды, бұл басқаларға да, өзіне де зиянын тигізеді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото