Қытайдың әлемдік жоғары оқу орны түлектерін қызықтыруы артып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 19 қараша

19 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 18 қарашада Бейжіңде Global Think Tank және LinkedIn China бірлесіп шығарған зерттеу есебі Қытайдың әлемдік жоғары оқу орны түлектерінің қызығушылығын оятуы біртіндеп артып келе жатқанын көрсетті.

Сол күні Global Think Tank және LinkedIn China «2021 жылғы Қытай және шетелдік жоғары оқу орны түлектерінің қызметтік дамуын зерттеу және оның перспективалары» тақырыбында семинар өткізді.

Жаһандану сараптама орталығы директорының орынбасары Лю Хұн есеп LinkedIn платформасының ауқымды деректеріне негізделіп, Қытайдың он «қос бірінші дәрежелі» университеті (U10) және жаһандық QS үздік 100 университеті (G100) 2,5 миллионнан астам түлектерінің қызметтік даму жолдарын зерттеу ақпаратымен таныстырды.

«Есеп» оқуын жалғастыруды таңдаған қытайлық U10 түлектерінің үлесі тұрақты түрде өсіп келе жатқанын және Қытайда алғашқы жұмысқа орналасқан U10 түлектерінің үлесі 70%-дан асқанын көрсетті. Бұл Қытайдың дарынды жастарының сырт елдерге кетуінің біртіндеп азайып келе жатқанын дәлелдейді. Болашақта халықаралық дарындылар айналымының «шетелге оқуға бару-елге жұмысқа тұру» тенденциясы барған сайын айқындалып, Қытайдың әлемдік ЖОО түлектерін өзіне тартуы артатын болады.

Салалық тұрғыдан алғанда, қытайлық U10 мен G100 жаһандық түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары көрсеткіші салыстырмалы түрде қаржы, технология және интернет салаларында шоғырланған. Олардың ішінде қытайлық U10 түлектері қытайлық технологиялар мен интернет-компанияларды қалайды, ал дәстүрлі қаржы индустриясына қызығушылық төмендеп бара жатыр. Жаһандық G100 түлектері өздерінің қызметтік лауазымын қаржылық және консалтингтік салаларда дамытуды жөн көреді. Huawei G100 жаһандық түлектері үшін жұмысқа орналасу көрсеткішінің ондығына кіретін бірден бір қытайлық компания санатында. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото