Қытай Ауғанстанға көмек беруде

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қараша

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қараша күні сағат 16:30-да Шыңжаңдағы Уси станциясынан 1000 тоннадан астам тұрмыстық жабдықтар және өндірістік материалдар тиелген арнайы жүк пойызы жолға шықты. Ол Қорғас теміржол порты арқылы елден шығып, теміржол және жүк көлігімен Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жеткізіледі. Жолдың ұзақтығы шамамен 12 күнге созылмақ.

Бұл елімізден аттанған Қытай·Шыңжаң-Ауғанстан бағытындағы үшінші жүк пойызы. Пойызда Шыңжаңның Ауғанстанға көмек ретінде жіберген мақталы киімдер, мақталы аяқ киімдер, көрпелер, нан және сүт ұнтағы сияқты Ауған халқына қысқа қажетті тұрмыстық және өндірістік материалдар, азық-түліктер бар.

Жүк тасымалдау міндетін мойнына алған Zhejiang Tieleng International Logistics Co., Ltd компаниясының бизнес менеджері Ма Чаодың айтуынша, ағымдағы жылдың маусым айының соңынан бері Қытай 2600 тоннадан астам гуманитарлық көмек және басқа да тұрмыстық-өндірістік материалдарды жүк пойыздары арқылы Ауғанстанға тасымалдаған.

Шыңжаң Ауғанстанмен шекаралас, тасымал аралығы да жақын. Қытай·Шыңжаң-Ауғанстан пойызының ашылуы гуманитарлық көмек материалдарын тасымалдауға кепілдік беретін арна болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото