Еліміздің су, жел, күн және биомассадан электр өндіру қуаты әлем бойынша бірінші орында

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 қараша

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Журналистің 20 қарашада Ұлттық энергетика әкімшілігінен алған ақпараты бойынша, салалық статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін, Қытайдың жаңартылатын энергия көздерін өндірудің жиынтық белгіленген қуаты 1 миллиард киловаттан асты. Бұл 2015 жылдың соңындағы нәтижеден екі есеге өсіп, ел ішіндегі жалпы энергетика көздерінің 43,5 пайызын құрап, 1,02 миллиард киловаттқа жеткен. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың соңымен салыстырғанда 10,2 пайызға ұлғайған. Олардың ішінде су, жел, күн және биомасса қуатын өндірудің белгіленген қуаты сәйкесінше 385 миллион киловатт, 299 миллион киловатт, 282 миллион киловатт және 35,34 миллион киловаттқа жетіп, дүние жүзінде бірінші орынды иеленді.

Ұлттық энергетика басқармасы жариялаған қаңтар-қазан айлары аралығындағы ұлттық энергетика саласының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, қазан айының соңында бүкіл ел көлемінде белгіленген орындарда өндірілген электр қуаты шамамен 2,3 миллиард киловатт болды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9%-ға өсті. Оның ішінде жел электр қуатының белгіленген қуаты 300 миллион киловатт шамасына жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға өсті. Күн энергиясының белгіленген қуаты 280 миллион киловатт шамасында болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайызға өсті.

Қаңтар-қазан айларында республика бойынша электр қуатын өндіруші жабдықты пайдаланудың орташа жиынтық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106 сағатқа артып, 3180 сағатты құрады. Оның ішінде атом энергиясы 6471 сағатты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 372 сағатқа, жел қуаты 1827 сағатқа, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100 сағатқа өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото