Қытай мұз-қар өнеркәсібінің берік негізін қалады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 қараша

23 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық Қытайдың мұз-қар спорты мен мұз-қар өнеркәсібін қарқынды ете түсті. Еліміз бірте-бірте мұз-қар туризмінің ең әлеуетті және серпінді нарықтарының және мұз-қар өнеркәсібінің орныққан өлкесінің біріне айналды. Жалпы айтқанда, мұз-қар өнеркәсібінің ауқымы бірте-бірте кеңеюде. Сабаққа деген сұраныс та артып, бәсекелестік пен өнер көрсету іс-шаралары күннен күнге кемелденіп, мұз-қар туризмінің серпіні қарқын алуда. Сонымен қатар қажетті қондырғылар құрылысының пайдалану механизмі жетілдіріліп, ал жабдықтар мен өнімдерді өндіру ұлғая түсті.

Солардың ішінде мұз-қарға арналған құрал-жабдықтарды жасау өнеркәсібінің үздіксіз жаңартылуы - осы саланың серпінді дамуының маңызды белгісі. Бұрын еліміздің мұз-қарға арналған құрал-жабдықтарды жасау өнеркәсібі салыстырмалы түрде төмен деңгейде болды. Қар роликтері мен қар балауызынан жасалған көліктерден бастап сноуборд пен конькиге дейінгі материалдар мен жасау шеберлігінде кемшіліктер кездесті. Қысқы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндік алған кезден бастап тиісті ұйымдар қиындықтарды жеңу үшін кәсіпорындармен бірігіп, үздіксіз жаңалық ашып, еліміздің ірі және орта мұз-қарға арналған құрал-жабдықтарды шетелдік импортқа ғана сүйену жағдайын толығымен өзгертті. Сөйтіп мұз-қар техникасын локализациялауға ықпал етіп, мұз-қар жабдықтарын өндіру өнеркәсібін жаңартуға және интеграциялауға көмектесті.

Екінші жағынан, «Ғылым және технология қысқы Олимпиадасы» ұлттық ғылыми-зерттеу және дамыту жоспарының негізгі арнайы жобаларын жүйелі түрде ілгерілету аясында мұз-қар индустриясы 5G, VR, үлкен деректер, жасанды интеллект және басқа да технологиялармен біріктірілді. Ғылыми-техникалық жетістіктерді жедел түрлендіру және қолдану «ақылды мұз-қар қызметі» және «мұз-қар стадиондарының цифрлық қызметі» сияқты жаңа қолданыс режимдері пайда болды. Парасаттылық пен зерделілік мұз-қар өнеркәсібін жоғары сапаға жетеледі.

«Бейжіңдегі қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындары еліміздің мұз-қар спорты мен мұз-қар өнеркәсібінің қарқынды дамуына ықпал ететін катапульттар іспетті». Бейжің қысқы Олимпиадасы мен қысқы паралимпиада ойындарын мұз-қар жабдықтарын өндіру өнеркәсібінің сапалы дамуына жәрдемдесу, мұз-қар экономикасының дамуына және мұз-қардың тұтыну нарығын өсіруге күшті қолдау көрсету мүмкіндігі ретінде қабылдадық, оның еліміздің мұз-қар іс-шараларының бәсекелестік деңгейін арттыру және мұз-қар спортының кеңінен дамуына ықпал етуге маңызы өте зор.

Мықты іргетас қалау арқылы ғана сапаны арттырып, өнімді жаңарта аламыз. Болашақта неғұрлым бай сұрыптары, қауіпсіз өнімділігі және берік функциялары бар мұз-қар жабдықтары көпшіліктің спорттық тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыруды жалғастырады.

Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының жақындауымен Қытайдың мұз-қар өнеркәсібі орнықты алға басып, үлкен және күшті жасайтын жаңа даму үйлестіру жүйесі қалыптасты.

(Автор – Цинхуа университетінің Спорт индустриясын дамыту ғылыми-зерттеу орталығының директоры. Сұхбаттасқан өз тілшіміз – Фань Цзяюань). 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото