В.Путин Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына шақыруды қуана қабылдады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 қараша
В.Путин Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына шақыруды қуана қабылдады

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Хабарлардан белгілі болғанындай, жақында Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Д.Песков Президент В.Путинді ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақырғанын, Ресей мен Қытай сапар барысын жан-жақты талқылап, келіскеннен кейін тиісті ақпаратты бірлесіп жариялайтынын мәлімдеді. 23 қарашада өткен кезекті баспасөз мәслихатында СІМ-нің ресми өкілі Чжао Лицзянь қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, маңызды шараларға бірге қатысу Қытай мен Ресей арасында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жақсы дәстүр екенін айтты. 2014 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Сочидегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатына шақырылған болатын. Бұл жолы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің жақсы досы Ресей Президенті В.Путинді де Қытайға келіп Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысуға ұсыныс жасады. Ресей Президенті В.Путин бұл шақыруды қуана қабылдады. Екі тарап В.Путиннің Қытайға сапарының нақты мәселелері бойынша тығыз байланыс жасауда.

«Екі мемлекет басшыларының қысқы Олимпиада туралы келісімі Қытай-Ресей серіктестігінің бір-біріне жақын және жақсы көршілес қатынасын тағы бір рет дәлелдейді деп сенеміз және екі елдің спортшылары жаңа жетістіктерге жетіп, әлемге қарапайым, қауіпсіз және кереметтікті көрсететін спорттық іс-шараға өз үлесін қосатынына сенеміміз кәміл».

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото