Кестемен өрнектелген өмір

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 24 қараша

24 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақта «қыз кестесімен көркем», «өнерлінің өзегі талмайды» деген өнерлі, шебер болуға баулып отыратын қанатты сөздер жетерлік. Халқымыздың атадан балаға насихаттап келе жатқан өнерінің бірі - кестешілік. Бүгінгі таңда осы бір өнерге мұрагер болуды мұрат етіп, кіріс көзін де осыдан тауып отырған ұл-қыздарымыз аз емес. Соның бірі өздеріңізге осы бейнекөрсетілім арқылы таныстырғалы отырған шеберіміз - Бикамал. Жаһандану үрдісі әлемді шарпып жатқан бүгінгі таңда қазақтың кестешілігінің ұмытылып қалмауына өзіндік үлесін қосып келе жатқан халық арасындағы осындай шебер жандарға ісі ілгерілей берсін дегіміз келеді.

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото