- Барлық ақпарат
Қазақстандықтар арасындағы қытайша әндер байқауының марапаттау рәсіміне ҚХР-ның ҚР-ындағы Елшісі Чжан Сяо қатысты
![]() |
25 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылғы 24 қарашада ҚХР-ның ҚР-ындағы Елшісі Чжан Сяо ҚХР-ның ҚР-ындағы Елшілігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Жібек жолы бұлты» атты қытайша ән байқауының марапаттау рәсіміне қатысты.
Чжан Сяо Елші өз сөзінде Жубанов университетінің Конфуций институты сынды Қазақстандағы 5 Конфуций институтының қолдауына алғысын білдіріп, қатысушыларды тамаша нәтижелерімен құттықтады.
Қазақтар ән айтып, би билеп, таланттарымен көзге түсіп, түрлі байқауларда көптеген марапаттарға ие болып жүр. Бүгінде «Жібек жолы бұлты» қытайша ән айту байқауы Қазақ және Қытай тілдерін білетін таланттар мен ән айтуды жақсы көретін әуесқойлар үшін тағы бір өзін көрсете алатын сахынаға айналды.
Чжан Сяо Елші биылғы ән байқауы екі маңызды кезеңге, яғни Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына тұспа-тұс келгенін атап өтті. Байқауға қатысушыларға екі елдің ірі саяси күн тәртібінің куәгерлері және қатысушылары болу бақыты бұйырғанын да еске салды.
2021 жылы Қазақстанда өткен «Жібек жолы бұлты» қытайша ән байқауына қатысушылар 16 жасқа дейінгі балалар және 16 жастан асқан жас және орта жастағы топтарға бөлінді. Байқауға 30 шабандоз және 27 шығарма қатысты. 40 күнге созылған жарыстан кейін жас және орта топта Султанбаев Алиннұр бірінші орынды, ал балалар тобында Дамирқызы Суламифь, Дамирұлы Гафур тобы бірінші орынды жеңіп алды.
people.cn © People's Daily Online