Қазақстанның 3 қаласында жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 қараша

Қазақстанда 5G интернет желісін орнатудың арқасында оның сапасы еселене түспек. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022-2023 жылдары елімізде 5G интернет желісі орнатылады. Біз 3 қалада 5G жүйесінің көмегімен жоғары санатты интернетті ұсынатын боламыз. Бүгінде еліміздің кейбір өңірлерінде интернет жылдамдығы жоғары, сол көрсеткіш барлық жерде болуы керек. Ал қазіргі бар 4G интернет желісінің сапасы бірнеше есеге дейін артады. Тиісінше елімізде жоғары жылдамдыққа ие интернет пайда болады. Қазірдің өзінде 4G-дің арқасында интернетте жаңа мүмкіндіктер, тіпті жаңа әлеуметтік желі пайда болып жатыр. Ал 5G интернет желісінің мүмкіндігі одан да көп», - деді Бағдат Мусин Қазақстан Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото