«Терең теңіз No1» ультра терең судағы газ кен орны тәулігіне 10 млн текше метр табиғи газ өндіреді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 25 қараша

22 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 24 қарашада тілші China National Offshore Oil Group Co., Ltd. компаниясының Хайнань бөлімшесінен «Шенхай (терең теңіз) №1» ультра терең судағы ірі газ кен орнында өндірісті өңдеу жүйесін тереңдетуге қатысты жөндеудің аяқталғанын білді. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 10 млн. текше метрге көзделген жоба мерзімінен бұрын іске қосылды.

«Шенхай (терең теңіз) №1» газ кен орны Гуандун-Сянган-Аомэнь Үлкен шығанағы аймағы мен Хайнань еркін сауда портын жыл сайын 3 миллиард текше метрден астам жоғары сапалы табиғи газбен тұрақты қамтамасыз ете алады.

Бұл газ кен орны орташа тереңдік деңгейі қазірге дейінгі ең терең және еліміз осы уақытқа дейін дербес ашқан ең күрделі барлау мен игеруге бағытталған теңіздегі ультра терең су газ кен орны болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото