Қазақстан Президенті шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қараша
Қазақстан Президенті шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты

Қазақстанның Мемлекет басшысы Кемерово облысындағы шахтада болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апат салдарынан кеншілердің қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, Ресейдегі «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан аман қалғандар жоқ. Өндірістік апат салдарынан қаза болғандардың жалпы саны алты тау-кен құтқарушысын қоса алғанда, 52 адамды құраған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото