Бейжіңде отандық алғашқы автономды жүргізуді пилоттық коммерциялау ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 26 қараша

26 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қарашада Бейжіңде автономды жүргізу қызметін коммерциялауға арналған алғашқы отандық сынақ орны ашылды. Дәл осы күні Бейжіңдегі жоғары деңгейдегі автономды көлік көрсету аймағының жұмыс кеңсесі пилоттық бағдарламаны жариялады. Мәліметтерге қарағанда, осы кезеңде коммерциялық пилоттық қызметтерді жүзеге асыру үшін Бейжің экономикалық даму аймағының (Ичжуан) 60 шаршы шақырымында автономды көлік саны 100-ден артық болмауы керек. Қазіргі уақытта кейбір компаниялар пилоттық жұмыс жасауға рұқсат алды.

Осы демонстрациялық аймаққа арналған пилоттық бағдарлама туралы хабарландыру отандық автономды жүргізу саласы сынақтан және демонстрациядан коммерциялық пилоттық барлауға дейінгі жаңа кезеңге шыққанын білдіреді.

Бейжің экономикалық даму аймағының жауапты қызметкерінің айтуынша, барлық жүргізушісіз көлік саласы технологияны тексеру мен өнімді әзірлеуден коммерциялау кезеңіне көшті. Сондықтан, автономды жүргізуде пилоттық коммерциялаудың ашылуы автономды жүргізуші компаниялары үшін зерттеп-дайындаудан коммерциялауға дейінгі толық жабық циклды орнықтырды. Сонымен қатар бұл жоба автономды жүргізуге арналған туристік қызметтердің бизнес үлгілерін зерттеу мен инновацияларды ынталандырды және бастады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото