Чжао Лицзянь: «Американдық демократия» үлгілі бөлме емес, керісінше аяқталмаған ғимарат

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қараша

29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- «Д.Песков мырзаның айтқаны дұрыс!». Қытай Сыртқы істер министрлігінің бүгінгі кезекті баспасөз мәслихатында баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь «демократия» мен «билік» арасына шекара сызу идеологиялық текетірес тудыруы мүмкін екенін, бұл демократияны толығымен бұрмалау және мойындамау екенін айтты.

Америка Құрама Штаттары ұйымдастырғалы отырған айтылмыш «Көшбасшылардың демократия саммиті» 9-10 желтоқсан аралығында бейнекөрсетілім арқылы өтеді. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Д.Песков 24 қарашада Америка Құрама Штаттары демократия тұжырымдамасын жекешелендіргісі келетінін, АҚШ-тың түсінігіндегі демократияны ғана нағыз демократия деп ойлайтынын айтты. Америка Құрама Штаттары «Көшбасшылардың демократия саммиті» деп аталатын жиынды шақырып, әлем елдерін өз ниетіне қарай бағалау арқылы жаңа шекара сызығын құруға тырысуы әлемдік үрдіске қайшы келетінін жеткізді.

«Американдық демократияға» қатысты Чжао Лицзянь төмендегідей үш тармақты атап өтті:

Біріншіден, «Американдық демократия» үлгілі бөлме емес, керісінше құрылысы аяқталмаған ғимарат сияқты. Жыл басындағы АҚШ конгресіндегі тәртіпсіздіктер «американдық демократия» аңызын әшкере етті. АҚШ-тың халықаралық қатынастар кеңесінің Президенті Хасс конгрестегі тәртіпсіздіктер «американдық ерекшелік» (American exceptionalism)» пен «таудың үстіндегі қала (City upon a hill)» туралы айтылымдарға нүкте қоюы керек деген болатын. Америка Құрама Штаттарындағы ішкі саяси поляризация мен әлеуметтік алауыздық күшеюде. Pew зерттеу орталығының соңғы есебі американдықтардың басым көпшілігі өз елінің саяси жүйесінен көңілдері қалғанын көрсетеді. АҚШ-тың аталмыш «демократия шамшырағы» дейтін атағы әлдеқашан құлаған.

Екіншіден, «американдық демократияны» санасыз түрде экспорттау түбірімен сәтсіздікке ұшырады. «Американдық демократия» Ауғанстанға үйлесе алмады, нәтижесінде Ауғанстандағы әскери жеңіліске тап болып, 100 мыңнан астам ауғандық көз жұмды. Аталмыш «Араб көктемі» миллиондаған босқындардың қоныс аударуына әкеліп соқты. Шығыс Еуропаның көптеген елдері «Түсті төңкерістен (Color Revolution)» кейін саяси күйзеліске ұшырап, халықтың тұрмысы төмендеп кетті.

Ең бастысы, «Римге апаратын жол көп», демократияға апаратын жол да жалғыз емес. Басқа елдерді «американдық демократия» жолымен жүруге мәжбүрлеу бұл елдерді тек бұралаң жол мен адасушылыққа апарады. Менің сұрайын дегенім, Америка Құрама Штаттары сияқты нағыз демократияға тапшы болып отырған ел өзін «демократиялық үлгі» деп атайтындай қандай біліктілікке ие? «Демократиялық сот» болу үшін қандай мораль бар? Айтылмыш «Көшбасшылардың демократия саммитін» өткізуге құқығы бар ма? 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото