Хань Чжэн мен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің оныншы отырысына төрағалық етті

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қараша
Хань Чжэн мен Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің оныншы отырысына төрағалық етті

29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының Тұрақты комитет мүшесі, Мемлекеттік Кеңес Премьер-Министрінің орынбасары және Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы комитеті Қытай тарапының төрағасы Хань Чжэн Бейжіңде 26 қараша күні видеорежимде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы комитеті Қазақстан тарапының төрағасы Әлихан Смайыловпен Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитетінің оныншы отырысына тең төрағалық етті.

Хань Чжэн екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығы мен қолдауының арқасында Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастары жоғары деңгейде жүріліп жатқанын айтты. Ағымдағы жылдың маусым айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, жаңа дәуірде Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын тереңдетудің үлкен жобасын жасады. Келер жылы Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. Қос тарап та екі мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты жүзеге асырып, жоғары дәрежедегі өзара сенім мен құрметке және бірге жеңіске жететін ынтымақтастық рухында екі ел арасындағы байланысты одан әрі нәтижелі болуға ықпал ету керек.

Хань Чжэн комитеттің тоғызыншы отырысынан бергі жұмыстың нәтижелі болғанын толық қуаттап, жұмыстың келесі кезеңіне қатысты ұсыныстар айтты. Бірінші – стратегиялық сәйкестікті тереңдету, Жібек жолының экономикалық белдеуі құрылысы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың ынтымақтастық жоспарын іске асыру, Қытайдың «14-інші бесжылдық»(2021-2025)жоспары мен «Қазақстан-2025» даму стратегиясының ықпалдасуын ілгерілету. Екінші – індет жағдайын зерттеу негізінде экономикалық және сауда ынтымақтастығын нығайту, сауда құрылымын оңтайландыру және екі ел арасындағы шекаралық сауданы қалпына келтіру. Үшінші – өндірістік қуат пен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты тұрақты түрде ілгерілету және «Қытай-Қазақстан үкіметінің әлеуеттік ынтымақтастық жоспарына» жедел қол қою. Төртінші – байланыс пен ынтымақтастықты нығайту, негізгі жобалар мен адамдардың жұмыс пен өндірісті жүйеге келтіруге ықпал ету. Бесінші – инновацияның жетекші рөлін жоғарылату, жасыл энергия, жасанды интеллект, электронды коммерция және цифрлық қаржы салаларындағы ынтымақтастық үшін жаңа өсу нүктелерін дамытуға көңіл бөлу. Алтыншы – халықтар арасындағы байланысты арттырып, қоғамдық пікір мен екі ел достығының әлеуметтік негізін нығайту.

Әлихан Смайылов Қытай Коммунистік партиясын ҚКП 19-ыншы Орталық Комитеті алтыншы пленарлық мәжілісінің табысты шақырылуымен шын жүректен құттықтады. Ол Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты ілгерілету үшін үлкен маңызға ие екенін және Қазақстан Қытаймен қауіпсіздік, экономика, сауда, энергетика және басқа да салалардағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытып, жемісті нәтижелерге қол жеткізу үшін бірге жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуден кейін Хань Чжэн мен Әлихан Смайылов «Қытай-Қазақстан ынтымақтастық комитеті оныншы отырысының хаттамасына» қол қойды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото