Қарлы борандағы Шыңжаң шекарашылары

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 29 қараша

29 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаңның Тарбағатай аймағындағы шекарашылардың қарлы боранда шекараны шарлаған бейнекөрсетілімі желіге таралды. Олар қарлы боранда қол ұстасып, табандап алға жылжып барады. Тау шыңының соңғы 100 метр аралығын жарты сағаттай уақытта зорға жүріп өтті.

Мұндай қатты желде барлау жасау шекарашылар үшін дағдылы әдет.

Бұл жер Барлық тауы мен Алатау сағасының шектескен аралығында орналасқан. Жыл сайын 8 не одан да жоғары деңгейдегі қатты боран 200 күннен астам соғып тұрады, кейде жел 12 -нші деңгейге дейін жетеді. Оны «ысқырған боран» деп атайды.

Шекара жауынгерлері – жылжымалы шекара ескерткіштері іспетті Отанымыздың шекара шебін талмай күзетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото