Лионель Месси 2021 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 30 қараша
Лионель Месси 2021 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Францияның «ПСЖ» және Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси 2021 жылғы «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған марапатты франциялық «France Football» журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді.

2021 жылға дейін Лионель Месси 2009, 2010, 2011, 2012, 2015 және 2019 жылдары «Алтын допты» алты рет жеңіп алған болатын. Енді ол футбол тарихындағы жеті «Алтын допты» жеңіп алған жалғыз ойыншы атанды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото