Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға жаңадан қосылған ойын түрлері

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 1 желтоқсан
Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға жаңадан қосылған ойын түрлері

1 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Алдағы Бейжің қысқы Олимпиадасында 109 алтын медаль сарапқа салынады. Бұл Қысқы Олимпиада тарихындағы ең көп алтын медальді құрайды. Осы жолғы қысқы Олимпиада ойындарына 7 шағын ойын түрі қосылды.

Жаңадан қосылған 7 шағын жарыс – әйелдердің жеке сноуборд, шорт-трек аралас командалық эстафетасы, шаңғымен трамплиннен секіру аралас тобы, еркін стильде (ерлер мен әйелдер) шаңғымен секіру, еркін стильде шаңғымен кеңістіктегі шеберлік көрсету аралас тобы және сноуборд кедергілерден өту аралас тобы сындылардан құрам табады.

Халықаралық Олимпиада комитетінің жобалық комитетінің мүшесі Ли Линвэй БАҚ-қа берген сұхбатында ХОК-тың осы 7 жобаны таңдауы негізінен төрт жақты ойластыруынан туындағанын айтты.

Біріншіден, осы 7 жаңа ойын іс-шарасы қосымша жарыс алаңдарын қажет етпейді. Екіншіден, телехабар таратушылар қысқы Олимпиада ойындарының телебағдарламалар мазмұнын түрлендіруі қажет. Үшіншіден, соңғы жылдары бұл спорттық ойын түрлерінің жастар арасында танымал болуы. Төртіншіден, бұл ойындардың енгізілуі Қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшылар арасындағы әйелдер үлесін одан әрі арттыруға көмектеседі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото