Әлемдегі «суық полюс» Оймяконға қыс келіп, температурасы минус 53 градусқа төмендеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 желтоқсан
Әлемдегі «суық полюс» Оймяконға қыс келіп, температурасы минус 53 градусқа төмендеді

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ресей гидрометеорологиялық орталығының жергілікті бөлімшесі берген мәліметке сәйкес, 2021 жылғы қыстың бірінші күні Ресейдің Якутия Республикасындағы Оймякон қаласында ауа температурасы минус 53 градус болғанын хабарлады.

Хабарда айтылғандай, ол жердің көптеген өңірлерінде қатты аяз байқалды: атап айтсақ Устинела қаласында минус 49 градус, Шаньянск қаласында минус 48 градус, Оленек пен Чушур ауылдарында минус 45 градусқа дейін төмендеген.

Баяндамаға сәйкес, Оймякон — әлемнің «суық полюсі» және адамзат өмір сүру жағдайлары үшін ең экстремалды жерлердің бірі болып табылады. Басқа бір мәліметтерде 1926 жылы ғалымдар аймақтағы ең төменгі температура 71 градус аязға дейін төмендегенін өлшеген, сонымен оны әлемдегі ең суық мәңгілік тұрақ деп атайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото