Конькимен жүгіру мен шорт-тректің қандай айырмашылығы бар

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 желтоқсан

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Екі жарыстың арасындағы ең үлкен айырмашылық - трассаның ұзындығы: конькимен жүгірудің стандартты жол шеңбері 400 метр болса, ал шорт-тректің стандартты жолы небәрі 111,12 метрді құрайды. Одан бөлек екі спорт түрінің төмендегідей айырмашылығы бар:

Біріншіден, жарыс жолын орналастыру тұрғысынан конькимен жүгіру (топтық стартты қоспағанда) жол таңбалау сызығы бойынша ішкі жолға және сыртқы трассаға бөлінеді. Жарысқа қатысушылар ережеге сәйкес ішкі және сыртқы трассамен жүгіруі керек. Ал шорт-тректе конькимен жүгіру жолында бөліктер жоқ, доға тәріздес иілулерге таңбалау сызығы ретінде алаңның екі шетінде қара резеңке блоктар қойылған. Спортшылардың таңбалау сызығы ішінде сырғанауларына рұқсат етілмейді. Түзу жарыс жолында таңбалау сызығы жоқ, сондықтан сіз өз қалауыңыз бойынша сырғанай аласыз.

Екіншісі құрал-жабдықтар бойынша. Конькимен жүгіруде киетін конькилер мен тебуге арналған конькилерді ажыратуға болады, ал шорт-трекке арналған конькилер орталықта емес, солға қарай орналасқан. Конькидің тұмсығы аздап доғаланып тұрады да, бұрылғанда басқаруға қолайлы болады.

Үшіншісі киім-кешек бойынша. Конькимен жүгірушілер әдетте желге төзімділікті азайту үшін капюшонды комбинезон кисе, ал шорт-трекшілер кесуге төзімді қолғап, көзілдірік және дулыға киеді.

Төртіншісі старттық спортшылар санын реттеу бойынша. Конькимен жүгіруден жеке жарыста әр топтан 2 спортшы бір уақытта, ал командалық қуалау жарысында әр топтан 6 спортшы (әр командадан 3 адам) бір уақытта бастап жүгіреді. Топтық стартқа келер болсақ бір уақытта 6 адам бірге бастап жүгіреді. Шорт-тректен 500 метрге, 1000 метрге және басқа да қысқа қашықтық жарыстарында әдетте 4 спортшы бір уақытта бастап жүгіреді, 1500 метр және одан жоғары алыс қашықтық бойынша 6-8 спортшы бір уақытта жүгіреді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото