Шанхай қаласы дрондардың жедел жеткізу қызметін сынақтан өткізеді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 2 желтоқсан
Шанхай қаласы дрондардың жедел жеткізу қызметін сынақтан өткізеді

2 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Телефоныңыздан тамақ жеткізу қолданбасын басып, тағамды жеткізу үшін дронға қоңырау шалуға болады. Жақында бұл жаңа тәжірибе Шанхай қаласында жүзеге аспақ. Алғаш рет қалыпқа келтірілген дрондардың тарату бағыты келесі жылдың бірінші жартысында Шанхайда сынақ жұмысын бастайды деп күтілуде және ішкі сынақ қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр.

Дрондармен тағам жеткізудің қызмет көрсету радиусы 2 шақырымды құрайды, ал тапсырыс берушілердің тапсырыстарын қабылдауға кететін уақыты шамамен 17 минут айналасында болады деп жоспарлануда.

Бұл кезеңде тұтынушылардың тапсырыстарын жеткізушілер алып, жақын жердегі ұшқышсыз әуежайға жөнелтеді. Ұшақтың кестесін жасау, ұшып-қону және қауіпсіздік сынды қызметтерді жүйе автоматты түрде іске асырады. Ұшу және қону әуежайлары негізінен маңызды іскерлік аймақтарда және кеңсе ғимараттарында орналасатын болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото