Мемлекеттік кеңестің ақпараттық кеңсесі «Қытай демократиясы» атты ақ түсті кітапты жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 желтоқсан

6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Ағымдағы жылдың 4-інші желтоқсанында Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі «Қытай демократиясы» атты ақ түсті кітапты жариялады (толық мәтін үшін үшінші-бесінші басылымдарды қараңыз).

Ақ түсті кітапта демократияның бүкіл адамзаттың ортақ құндылығы және Қытай Коммунистік партиясы мен Қытай халқының бұлжытпай ұстанған маңызды тұжырымдамасы екені айтылады. Соңғы 100 жылда ҚКП халықтық демократияның туын биік ұстап, халыққа басшылық етіп мыңдаған жылдық феодалдық тарихы, жартылай отаршыл және жартылай феодалдық қоғамы бар елде халықтың өзін-өзі басқарып, шын мәнінде елдің, қоғамның және өз тағдырының иесі болуын іске асырды.

Ақ түсті кітап Қытай демократиясы халықтық демократия, ал халықтың өзіне-өзі қожа болуы Қытай демократиясының мәні мен өзегі екендігімен таныстырады. Бүкіл процестік халықтық демократия барыс және нәтиже、процессуалдық және материалдық、тікелей және жанама、халықтық сынды демократиялар мен мемлекеттің еркінің тұтастығын жүзеге асырды. Бұл болса толық тізбекті, жан-жақты және толық қамтылған демократия және ол ең ауқымды, шынайы және тиімді социалистік демократия.

Ақ түсті кітапта демократия тарихи, нақты және даму сипатына ие екендігі дәйектеледі. Әртүрлі елдердегі демократия елдің тарихи және мәдени дәстүрлерінен бастау алады және халықтың тәжірибесі, ізденістері, даналығы негізінде дамиды. Демократияның әртүрлі даму жолдары мен формалары бар. Демократия өздігінен орнығатын немесе әкеліп қоятын әшекей бұйым емес. Ол халықтың мүддесін көздейді. Демократия - бұл бірнеше елдердің емес, барша ел халқының құқығы.

Ақ түсті кітапта елдегі демократияның орнығу сипатын сырттан келген санаулы адамдар емес, сол елдің халқы бағалауы керек деп көрсетілген. Халықаралық қауымдастықтағы елдердің демократиялық жағдайына өз пікіріне ғана басымдық беретін бірнеше ел емес, қауымдастық бірлесіп баға беруі керек, Демократияға жетудің көптеген жолдары бар әрі олардың сипаты да алуан түрлі. Әлемнің әр текті саяси жүйелерін бір билеушімен өлшеп, адамзаттың әр түрлі саяси өркениетін бір өлшеммен сараптаудың өзі демократия емес.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото