Қытайдың екі маркалы көлігін Қазақстан тұтынушылары жақсы қарсы алуда

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 6 желтоқсан
Қытайдың екі маркалы көлігін Қазақстан тұтынушылары жақсы қарсы алуда

6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанда екі қытайлық автокөлік қазақстандық аудиторияға ең танымал ТОП15 брендтің қатарыннан бой көрсетті.

Қазақстандық Atameken Business Network (inbusiness.kz) мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың басынан бері Қазақстанның автомобиль нарығында 9300-ден астам жаңа көлік сатылды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.

Еске сала кетcек, биылғы жылы еуропалық автокөлік нарығының жалпы сатылым көлемі 29,3%-ға төмендеп, тарихтағы ең төменгі рекордқа жеткен еді.

2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында автокөлік сатушылар Қазақстанда барлығы 96 800 жеңіл және коммерциялық көліктерді сатқан, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 31,9%-ға өсті.

Сату көлемі бойынша алғашқы үш автокөлік маркасы: Chevrolet-28000, Hyundai-19400 және Toyota-11400 алға шықты.

Сонымен қатар, Қытайдың маркалы көліктердің де Қазақстандағы сатылымы өсу тенденциясын көрсетіп отыр. Бір жылдың ішінде Қазақстан көлік саудасындағы қытайлық көліктердің үлесі 2,1%-дан 3,1%-ға дейін өсті.

Оның ішінде Қытайдың екі автобренді биылғы жылы алғаш рет қазақстандық автокөліктер мен жеңіл коммерциялық жабдықтарды сату бойынша 15 үздіктің қатарынан бой көрсетті. Олар 10-орындағы JAC-дан осы жылы 2200 дана сатылған, ал 15-ші орындағы Haval-дан биыл 833 дана сатылған.

Еске ала кетер болсақ, Haval Қазақстан нарығында алғаш рет осы жылдың сәуір айында сатыла бастаған еді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап тағы бір қытайлық Chery маркалы көлік Қазақстанда сатыла бастады. Көршілес Ресейде бұл брендтің танымалдылығын ескерсек, оның Қазақстандағы сатылым нарығы да жоғарылайтынын межелеуге болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото