- Барлық ақпарат
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы спортшы қыздардың үлесі қандай?
![]() |
6 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар квотасы 2892 спортшыны құрайды. Олардың ішінде әйел спортшыларыдың саны 1314-ті құрап, барлық қатысушы спортшылардың 45,2%-ына жетті. Бұл алдыңғы барлық қысқы Олимпиада ойындарындағы ең жоғары көрсеткіш.
Қысқы Олимпиада ойындарының тек ерлер ғана қатысатын ойын түрлері
2022 жылғы Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына 7 негізгі, 15 қосалқы және 109 кіші жарыс белгіленген. Бұл жарыстардың арасында тек 1 ғана ерлер ғана қатысатын жарыс түрі бар, ол шаңғы қоссайысы болып табылады.
Шаңғы қоссайысы екі жарыстан тұрады: шаңғы жарысы және шаңғымен секіру жарысы. Шаңғы қоссайысы қазіргі уақытта қысқы Олимпиада ойындарындағы тек ерлер ғана қатысатын жалғыз жарыс.
Әйелдер бұл жарыс түрі бойынша қазіргі қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алмаса да, әлем чемпионатында, құрлықаралық кубокта және басқа да ірі спорт шараларындағы Шаңғы қоссайысына қатыса алатын болды.
people.cn © People's Daily Online