Шыңжаңда мақтана машинамен жинау көрсеткіші 80%-дан асады деп күтілуде

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 желтоқсан
Шыңжаңда мақтана машинамен жинау көрсеткіші 80%-дан асады деп күтілуде

7 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы Шыңжаңда мақта жинау жұмыстары негізінен аяқталып, жалпы жағдай «Екі өсіп, бір азайды», яғни жалпы өнім көлемі мен өнім бірлігі артып, ауданның азаюы сияқты өндірістік үрдісі болды. Қыркүйек айының ортасынан бастап мақта нарығының бағасы көтеріліп, бірте-бірте тұрақтап, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Мақта егетін диқандарының орташа таза табысы бір мудан 1500 юаньнан астам болып тұрақтанды.

Қазіргі уақытта солтүстік Шыңжаңда мақтаны машинамен жинау көрсеткіші 100%-ға жақындады. Биыл Шыңжаң машинамен мақта егу және жинау үлгісін ілгерілетуді жеделдетіп, орташа көлемдегі мақта егуді дамытуға бағыт-бағдар берді. Бұл үлгі Шыңжаңның оңтүстігіндегі мақта өндірісін орталықтандырылмаған шағын фермерлерден қарқынды механикаландырылған басқаруға айналдырады. Биыл мақтаны машинамен жинау бірінші рет 80%-дан асады деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото