Қысқы Олимпиадаға қызмет көрсететін қар жасайтын машина қардың қанша түрін жасай алады?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 7 желтоқсан
Қысқы Олимпиадаға қызмет көрсететін қар жасайтын машина қардың қанша түрін жасай алады?

7 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қысқы Олимпиада ойындарындағы қар спортының көпшілігінде жасанды қар қолданылады. Жасанды қар жасау әртүрлі жарыс өтетін орындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлшектердің мөлшерін, су құрамын және қаттылығын өзгертуге қол жеткізе алады.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қар жасау жұмыстарына жауапты мамандардың айтуынша, қызметкерлер пайдаланатын кәсіби машиналар жарыс алаңдарына тоғыз түрлі қар жасап шығара алады. Қардың ұқсамаған түрлерінің су мөлшері әртүрлі болады. Қызметкерлер ұқсамаған қажеттіліктерге сәйкес әртүрлі аймақтарға үйлесетін қар түрлерін жасап шығады.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жасанды қар жасау қоршаған ортаны қорғау мен суды үнемдеуге қалай қол жеткізді?

Қысқы Олимпиада ойындарының Янцин жарыс алаңы барлық қар жинау процесі кезінде әрқашан әртараптандырылған суды сақтауды, суды қайта өңдеуді және суды ғылыми және технологиялық үнемдеуді ұстанды. Бұл қысқы Олимпиадаға арналған қар жасайтын судың қажеттіліктерін қанағаттандырып ғана қоймай, сонымен қатар ол аймақтық су қауіпсіздігі мен экологиялық ортаға теріс әсер етпейді.

Біріншіден, әр тараптандырылған су қоймасы. Янцин жарыс аймағындағы Ұлттық тау шаңғысы орталығы жиналған табиғи жауын-шашын суы мен жер бетіндегі ағынды суды жасанды қар жасау үшін алдынғы су көздерінің бірі ретінде пайдаланды.

Екіншіден, суды қайта өңдеп істету. Бүкіл Янцин жарыс аймағы құрылысты жоспарлау, жобаны басқару және күнделікті пайдалану сияқты әртүрлі аспектілерде суды үнемдеу шараларын қабылдап, қар жасау үшін судың ішкі айналымын қалыптастырып, су байлығын барынша үнемдеді және қорғады.

Үшіншіден, ғылым мен технология арқылы суды үнемдеу. Ұлттық тау шаңғысы орталығы әлемдегі ең озық жоғары тиімді суды үнемдейтін жасанды қар жасайтын жабдықты және қар жасаудың интеллектуалды жүйесін қолданды. Ол ауа-райын және басқа да жағдайларды нақты уақыт режимінде бақылау арқылы ең қолайлы жағдайда, қар жасау машинасын іске қосуды таңдайды. Сонымен қатар сыртқы орта өзгерісіне сәйкес қар жасаудың ең жақсы тиімділігін динамикалық түрде сақтап, су байлығының ысырап болуынан сақтанды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото