Сыртқы істер министрлігі: АҚШ Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына кедергі келтіретін сөздер мен істерге араласуды тоқтатуы керек 

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 желтоқсан
Сыртқы істер министрлігі: АҚШ Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына кедергі келтіретін сөздер мен істерге араласуды тоқтатуы керек 

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Шыңжаңдағы «геноцид» деп аталатын және басқа да адам құқықтарының бұзылуына байланысты 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін ешбір дипломатиялық немесе ресми өкілді жібермеуіне жауап ретінде: Қытай АҚШ-қа қатты наразылығы мен батыл қарсылығын білдіреді деді. Әрі АҚШ-қа қатаң мәлімдеме жасап, олардың айыптауына батыл қарсы тұрды. АҚШ спортты саясиландыруды тоқтатып, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына нұқсан келтіретін сөздер мен әрекеттерді тоқтатуы керек.

Чжао Лицзянь сол күні кезекті баспасөз мәслихатында тиісті сұрақтарға жауап беру кезінде жоғарыдағы ескертулерді жасады.

Сол сияқты Чжао Лицзянь АҚШ-тың Шыңжаңда «геноцид» болғаны туралы жасаған негізсіз ойларын нақты фактілер әшкерелегенін айтты. АҚШ идеологиялық теріс пікірлер, өтірік пен қауесет арқылы Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына кедергі жасамақшы. Бұл көпшілікке АҚШ-тың зұлым ниеттерін әйгілеп, АҚШ-тың адамгершілігі мен сеніміне селкеу түсіреді. «Америка тарихындағы жергілікті үндістерге қарсы жасалған қылмыстар нағыз “геноцид” болып табылады. Бұл қалпақты АҚШ өзі кисе ғана жарасады!»

Оның айтуынша, АҚШ-тың әрекеті «Олимпиада хартиясында» бекітілген «спорттық саяси бейтараптық» қағидатын елеулі түрде бұзады, тағы да «ынтымақты болайық» деген олимпиадалық ұранға қайшы келеді. Бұл жағдай әлемдегі спортшылар мен спорт әуесқойларына қарсы келгендік. Қытай АҚШ-қа қатты наразылық пен батыл қарсылық білдірді, Америка Құрама Штаттарына қатаң түрде мәлімдеме жасады және оған табанды түрде қарсылық көрсетеді.

Чжао Лицзянь қысқы Олимпиада ойындарының саяси шоу мен саяси айла-шарғы жасау алаңы емес екенін айтты. Олимпиада ережелеріне сәйкес, Олимпиада ойындарына қатысу үшін әр елдердің лауазымды өкілдерін өздерінің Олимпиада комитеті шақыруы керек. АҚШ үкіметінің шенеуніктері Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу-қатыспауы, өз спортшыларына қолдау көрсету-көрсетпеуі - АҚШ-тың жеке ісі. «АҚШ шақырылмай қалған жағдайда, Шыңжаңдағы адам құқығы мәселесін үкімет шенеуніктерін жіберу-жібермеу мәселесімен байланыстырмақ. Бұл ақ пен қараны айырмау, қателік жіберу және басқаларды алдау. АҚШ-тың саяси айласы жұрт жүрегін жаулай алмайды, әрі сөзсіз жеңіліспен аяқталады».

Чжао Лицзянь былай деді: «Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары бүкіл дүние жүзіндегі қысқы Олимпиада спортшылары мен мұз спорты әуесқойлары үшін айтулы оқиға және салтанатты шараның бас кейіпкерлері де солар. Халықаралық Олимпиада комитетін қамтыған Халықаралық қауымдастық Қытайдың олимпиадаға дайындығын жоғары бағалайды. Шетелдік спортшылар да Қытайға келіп жарысқа қатысуды асыға күтуде. Оның ішінде көптеген американдық спортшылар да бар. «Біз Олимпиадалық асқақ рухпен және барлық тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қытай әлемге қарапайым, қауіпсіз және қызықты Олимпиада ойындарын ұсына алады деп сенеміз».

Ол: «АҚШ спортты саясатқа айналдыруды тоқтатып, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына кедергі келтіретін істерге араласпауы тиіс. Әйтпесе бұл екі ел арасындағы бірқатар маңызды салалар мен халықаралық және аймақтық мәселелердегі диалог пен ынтымақтастыққа нұқсан келтіреді», - деді.

Журналистің «қарсылық шаралары туралы толығырақ айтып бере аласыз ба?» деген сұрағына Чжао Лицзянь АҚШ өзінің қателігі үшін жауап беретінін айтып, «көпшілік қүтіңіздер», - деді.

Тағы бір тілші «АҚШ 2028 жылы Лос-Анджелес Олимпиадасын қабылдайды және Солт-Лейк-Ситиде 2030 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізсек деп дайындық жасауда. Қытай да АҚШ-қа қарсы «дипломатиялық бойкот» қарастырып жатыр ма», - деп сұрады?

Чжао Лицзянь: «АҚШ-тың жөнсіз әрекеттері Қытай мен Американың спорттық алмасулары мен олимпиадалық ынтымақтастығының негізі мен атмосферасын ойрандап, өзіне өзі балта шапты», - деді. АҚШ қате әрекеттерінің салдарын анық білуі керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото