Әлемде қос Олимпиада чемпионын жеңіп алған спортшы бар ма?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 8 желтоқсан

8 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» --Олимпиада тарихында спортшылардың жазғы Олимпиадаға да, қысқы Олимпиадаға да қатысуы таңсық емес. Бірақ қос Олимпиада алтынын жеңіп алған бір ғана спортшы бар, ол американдық Эдди Эган.

1920 жылы Антверпенде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Эган бокстан алтын медаль жеңіп алды. Он екі жылдан кейін ол Лейк-Плэсид қысқы Олимпиадасында үш апталық дайындықты бастан өткеріп, төрт адамдық бобслейде алтын медаль иегері атанды.

Эганның дарын ерекшелігі тек спорт саласымен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар Гарвард пен Йельде заң факультетінде білім алған және одан әрі оқу үшін Англияның Оксфорд университетіне барған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде полковник шенін алған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото