- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин Шульцті Германияның федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады
9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Желтоқсанның 8-і күні Төраға Си Цзиньпин Олаф Шульцке телефон соғып, оны Германияның федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады.
Си Цзиньпин Қытай мен Германия бір-бірімен жан-жақты стратегиялық серіктес екенін атап көрсетті. Екі тарап осы жылдар ішінде өзара сыйластықты ұстанып, ортақ тіл табысып, ынтымақтастықтың арқасында табысқа бірге қол жеткізіп, екі елге, олардың халқына және әлемге пайдалы көптеген маңызды істерді орындай алды. Әлемдік өзгерістер мен ғасырлық індет қабаттасып келген жағдайда, Қытай мен Германия оған қарсы жаһандық күреске бірлесе қолдау көрсетіп, экономиканы қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін байланыс пен ынтымақтастықты күшейтіп, іргелі жауапкершілік танытты. «Мен Қытай-Германия қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін. Сізбен бір ниетте бола отырып, келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 50 жылдығына орай, өзара саяси сенімділікті нығайтып және тереңдетіп, әр саладағы ауыс-түйіс пен ынтымақтастықты кеңейтіп, екі ел байланысын жаңа белеске көтеруге дайынмын».
Сол күні премьер-министр Ли Кэцян Шульцты Германияның федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтап, Қытай-Германия қарым-қатынасы әлемдегі ең маңызды екі жақты қарым-қатынастардың біріне айналғанын айтты. «Мен Сіздермен жақсы қызметтік қарым-қатынасты орнатуды және сақтауды, саяси өзара сенімділікті одан әрі нығайтуды, Қытай-Германия жан-жақты стратегиялық серіктестіктің коннотациясын байытуды, Қытай-Германия достық және өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуді және жаңа табыстарға жетуді асыға күтемін».
people.cn © People's Daily Online