Үндістанда тікұшақ құлап, армия штабының қолбасшысы Бипин Рават пен оның әйелі және тағы 11 адам қаза тапты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 желтоқсан

Үндістанда тікұшақ құлап, армия штабының қолбасшысы Бипин Рават пен оның әйелі және тағы 11 адам қаза тапты. Трагедия елдің оңтүстігіндегі Тамилнад штатында болды. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлайды.

Борттағы 14 адамның біреуі ғана тірі қалған. Қазір оқиғаның себебі тергеліп жатыр. «Фран пресс» агенттігінің хабарлауынша, МИГ-17 үлкен жолдың маңына құлаған. Құтқарушылар оған жаяу жетті.

63 жастағы Рават Сулур қаласынан ұшып шығып, студенттер алдында сөз сөйлеу үшін ұшқыштар училищесіне бара жатқан. Ол қорғаныс штабы жетекшілігіне 2019 жылы ғана тағайындалыпты. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото