Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: АҚШ-ты демократияны қорғайтын әлемдік көшбасшы ретінде тану қиын

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 желтоқсан

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі және ЦРУ-дың бұрынғы директоры Майкл Хэйден «Демократия саммиті» қарсаңында Америка Құрама Штаттарында соңғы жылдардағы туындаған полицияның билікті асыра пайдалануын қамтыған бірқатар ірі әлеуметтік оқиғалар ішкі текетіреске айналып, барған сайын ушығу салдарынан, адам құқықтары мен демократия дағдарысқа ұшырады деп жазды. БҰҰ-ның «Демократия және сайлауға жәрдемдесу халықаралық институты» бақылаушы ұйымының қараша айында жариялаған есебі де АҚШ-тың алғаш рет «регрессивті демократиялық елдер тізіміне» енгенін көрсетті. Осыған байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы М.Захарова 8 желтоқсанда әлеуметтік платформаларда мұндай жағдайда АҚШ-ты демократияны қорғауда әлемдік көшбасшы деп сипаттау орынсыз деп мәлімдеді.

Ресми өкіл М.Захарова АҚШ үкіметі талқылаулар мен сауалнамалар өткізбеді, ішкі жағдайды жақсарту үшін реформаларды жүзеге асыру әрекетін де атқармай отыр. Оның орнына әлемді аталмыш «Демократия саммиті» деп аталатын сабаққа қатысуға шақырды деп санайды. М.Захарова: "Алдағы идеологиялық митингіде үлкен таяқтарын бұлғап тұрған демократтардың қандай тәсілдермен бөлісетінін болжау қиын емес. Олардың өз азаматтарының да пікіріне мән бермейтіні күлкілі жағдай", - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото