Демократия бірнеше елдің жеке мүддесі емес

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 желтоқсан
Демократия бірнеше елдің жеке мүддесі емес

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ «демократияның» шекпенін жамылып, алауыздық пен берекесіздікті қоздырып, қарама-қайшылықты үдетті. АҚШ қой терісін жамылған қасқырдай «демократия» атынан агрессивті түрде интервенция мен гегемондық саясатты қолданды. Аузында айтқанда оның атағын ат көтере алмайды, бірақ істеген әрекеттері барлық жерде әлем тыныштығын бұзып, гуманитарлық дағдарыстар тудырып жатқан жоқ па?

АҚШ жаһандық гегемонияны ілгерілетіп, әлемді ыдырату үшін «американдық үлгідегі демократияны» экспорттау арқылы сайлауға араласу, тәртіпсіздік тудыру, режимді бұзу, тіпті соғыс бастау сияқты шараларды жиі қолданады. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері АҚШ президенттерінің барлығы дерлік қызметінде болған кезде шетелдік соғыстарды бастады немесе оларға араласты; соңғы 10 жылда АҚШ 20-дан астам елге басып кірді немесе тиісті елдерде режимді өзгертуге түрткі болды. Бірнеше рет Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Батыс Азия және Солтүстік Африка елдерінің «түсті революциясына» араласып, манипуляция жасады. Ұлттық ерекшеліктерге қарамастан, «американдық үлгідегі демократияны» күшпен таңуға тырысуы антидемократия болып табылады. Бұл АҚШ-тың демократияны желеу етіп, басқа елдердің ішкі істеріне дөрекі түрде араласуын дәлелдейді.

«Демократияны трансплантациялаудың» салдары қандай? АҚШ өзі бейнелеген «демократиялық» сағымды жүзеге асыра алмауымен қоймай, жаһандық соғысты тудырды. АҚШ 2001 жылы «терроризмге қарсы соғыс» деп аталатын жанжалды бастағаннан бері, АҚШ пен оның одақтастары сол аймақта кем дегенде 480 000 адамның өліміне себеп болды. Ал олардың көпшілігі жазықсыз бейбіт тұрғындар еді. 2021 жылдың тамызында АҚШ күштері Ауғанстаннан асығыс шегінді, бұл АҚШ-тың соңғы жиырма жылдағы Ауғанстанға қатысты саясатының толық сәтсіздікпен аяқталғанын көрсетеді. «Араб көктемі» тудырған терең әлеуметтік дағдарыстан бастап даму қиындықтарымен бетпе-бет келген Латын Америкасы аймағы, одан аласапыран Ирак пен Ауғанстанға дейін, дүние жүзіндегі «демократизацияның» құлдырау толқыны «американдық үлгідегі демократия» трансплантациясының сәтсіздікке ұшырағанын дәлелдеді.

Демократия бірнеше елдің ғана жеке мүддесі емес. АҚШ-та демократияға араласудың әртүрлі құралдары болғанымен, «американдық үлгідегі демократияның» екіжүзділігінің бет пердесі үздіксіз ашылып отырды. Қарашада Pew Research Center жариялаған сауалнама нәтижелеріне сәйкес, АҚШ-тан тыс әлемнің басқа бөліктеріндегі респонденттердің шамамен 57%-ы американдық демократия қазіргі кездегі жақсы үлгі емес деп санайды, ал американдық респонденттердің 72% -ы бұл көзқараспен келісетінін білдірді.

Демократияның тұрақты анықтамасы жоқ. Демократия тіпті гегемонияны алға жылжытатын сылтау да болмайды. «Демократиялық саммит» деп аталатыны АҚШ үшін одақтастарды жинап, диссиденттерді шеттетудің жаңа тәсілінен басқа ештеңе емес.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото