Бобслей және скелетон мен шананың айырмашылығын айта аласыз ба?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 9 желтоқсан

9 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Шаналар мен бобслей(қарда жүретін көлік)- қысқы Олимпиада ойындарының 7 негізгі ойын түрінің екеуін құрайды. Ал бобслей өз ішінен бобслей және скелетон болып бөлінеді.

шанамен сырғанау

Бұлар үш жарыс бір жолын (мұз жол) пайдаланады. Бобслей мен скелетонның бастапқы нүктесі бірдей, ал шананың басталу нүктесі басқа болады.

Бұл үш жарыс түрінің барлығы өте жылдам және қысқы Олимпиада ойындарының ең қауіпті түрі болып табылады. Себебі «көліктердің аударылып кетуі» мүмкін. 2010 жылғы Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарында шанамен жүгіруші жарыс алдындағы жаттығу кезінде жолдан шығып кетіп, қаза болған еді.

бобслеймен сырғанау

Көліктер негізінен жабдықталуы мен жолға шығу тәртібі жағынан ерекшеленеді.

Көлік параметрлеріне қарағанда, бобслейдің артқы жағы тежегіштермен жабдықталған, жүргізуші қарда жүретін көлікті екі тұтқамен басқарылатын шығыр жүйесі арқылы қозғалтады. Скелетон мен шаналардың басқару (руль) механизмдері мен тежеу құрылғылары жоқ, тек шасси ғана болады.

скелетонмен сырғанау

Бұл үш көліктің жолға шығу ережесі де әртүрлі. Бобслей мен скелетондар алдымен итеріліп жолға шығарылады. Ал шананың қозғалысы тұтқаны артқа қарай итеруден басталады. Сырғанау барысында шабандоз шанада жатып сырғанайды, бобслейде шабандоз отырып сырғанайды, ал скелетондағы шабандоз басын алға созып екбетінен жатқан күйі сырғанайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото