- Барлық ақпарат
Шыңжаңда ұйғырларды қамтыған этникалық азшылық тобындағылардың саны тұрақты өсуде
![]() |
13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 10-ыншы желтоқсандағы Ұлттық статистика бюросынан алған мәліметіне сәйкес, Шыңжаң халқының әсіресе, ұйғырларды қамтитын аз ұлттардың саны тұрақты түрде өсіп келеді.
Өткен 70 жылда Шыңжаң халқының саны тез өсіп, ауқымы кеңейіп, сапасы үздіксіз жақсарды. Адамдардың орташа өмір сүру жасы ұзарып, қалалану мен заманауи үдерісі жедел ілгеріледі. Барлық этностардың халқы жарасымды-ынтымақты түрде бірге дамып, бақытты өмір сүрді. Бұл Қытай Коммунистік партиясының басшылығындағы Шыңжаңның гүлденуі мен даму барысын толық дәйектеп береді.
Мәліметтерге сәйкес, XXI ғасырдан бастап Шыңжаң халқы тұрақты өсу кезеңіне аяқ басты. 2020 жылғы жетінші ұлттық халық санағы деректері бойынша, Шыңжаңдағы жалпы халық саны 25 миллион 852 мың 300 адам. Оның ішінде Хань ұлтының саны 10 миллион 920 мың 100 адам, ал аз ұлттардың саны 14 миллион 932 мың 200 адам. Бұл көрсеткішті алтыншы ұлттық санақпен салыстырғанда, 10 жылда Шыңжаңның халық санының өсу қарқыны бүкіл ел бойынша 4-інші орынға, халық санының өсуі елде 8-інші орынға көтеріліп, жалпы халық саны 25-інші орыннан 21-інші орынға шыққан.
Ұйғыр халқының дамуы тұрғысынан алғанда, жаңа ғасырдың басынан бері ұйғыр халқы 2000 жылғы 8 миллион 345 мың 600 адамнан 2020 жылы 11 миллион 624 мың 300 адамға дейін өсті. Халықтың орташа жылдық өсу қарқыны 1,67%, бұл сол кездегі бүкіл елдегі аз ұлттар санының жылдық орташа өсу қарқыны 0,83%-дан әлдеқайда жоғары.
Деректерге қарасақ, ұйғырлардың саны өсіп қана қоймай, білім деңгейі жағынан да артып келеді. Жетінші ұлттық халық санағының деректері бойынша, әр 100 мың ұйғыр халқына шаққанда, университет бітіргендер саны 8 944 адамды құрайды. Ол 2000 жылмен салыстырғанда 6 540-қа өсті, ал 15 және одан жоғары жастағы тұрғынның білім алған жылдары 2000 жылғы 7,06-дан өсіп, 2020 жылы 9,19 жылды құрады.
«Шыңжаңдағы халық санының дамуы» атты ақ түсті кітапқа сәйкес, Шыңжаңның әлеуметтік тұрақтылық дивиденді үздіксіз жоғарылап, Шыңжаң халқы, әсіресе азшылық ұлт халқы алдағы кезеңде тұрақты өсуді сақтап, халық саны мен сапасы одан әрі артып, халықтың көші-қоны белсенді бола түседі.
people.cn © People's Daily Online