Қысқы Олимпиада ойындарын тамашалау үшін Бейжіңнен Чжанцзякоуға баруға қанша уақыт кетеді?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 13 желтоқсан

13 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарына арналған Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу жарыс алаңдары бар. Бейжің қаласынан Чжанцзякоуге келіп Олимпиада ойындарын тамашалау үшін қанша сағаттық жол жүру керек?

Бейжің-Чжанцзякоу жүрдек пойызы - Қытайдың бірінші рет өзі зерттеп-әзірлеген Бейду спутниктік навигация жүйесімен жабдықтанған жобалық жылдамдығы сағатына 350 шақырымды құрайтын жоғары қарқынды теміржол көлігі. Жолдың жалпы қашықтығы 174 шақырым. Бейжіңнен Чжанцзякоу Тайзичендағы қысқы Олимпиаданың бас стадионына бір сағатта жетуге болады, ал Чжанцзякоудан Бейжің Цинхэ станциясына дейін жол ұзақтығы небары 47 минут.

Тайзичен бекеті Чжанцзякоу жарыс аймағының орталығында орналасқан. Ол әлемдегі Олимпиада стадионына тікелей қосылған алғашқы жүрдек пойыз вокзалы болып табылады. Станция Олимпиада ауылы мен түрлі тау шаңғысы алаңдарына 10 минуттық жерде орналасқан.

Олимпиадаға арналған пойыздың вагон қосылымында шаңғы қоймасы арнайы жобаланған. Жолаушылар QR кодын сканерлеп өз шаңғыларын сақтауға немесе сол жерден алуға болады.

Сонымен қатар заманауи пойызға қытайлық және шетелдік тілшілердің қысқы Олимпиада ойындарын жариялауына қолайлы болу үшін жылжымалы жаңалықтар орталығын орнатты. Жолаушылар пойызда отырып кез келген уақытта Олимпиада бағдарламаларын тікелей эфирден көре алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото