Қытайдың Ауғанстанға көмекке атаған қыстық бұйымдарының екінші тобы жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 желтоқсан
Қытайдың Ауғанстанға көмекке атаған қыстық бұйымдарының екінші тобы жеткізілді

14 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсан күні Ауғанстанның астанасы Кабулда Қытай үкіметі Ауғанстанға төтенше гуманитарлық көмек көрсету аясындағы қыста қолданатын бұйымдардың екінші тобын тапсыру рәсімі өтті. Оған Ауғанстандағы Қытай елшісі Ван Ю мен Ауғанстан уақытша үкіметінің Босқындар істері министрінің орынбасары міндетін атқарушы Алсала Харроти қатысты.

Тапсыру рәсімінде Ван Ю Ауғанстанның аласапырандықтан басқаруға көшудің тарихи мүмкіндігі кезеңінде тұрғанын, сонымен қатар экономика, қоғам және халықтың тұрмыс-тіршілігінде көптеген қиындықтарға тап болып отырғанын айтты. Жақсы көрші, жақын ағайын, тату серіктес ретінде Қытай Ауғанстандағы жағдайдың дамуына көптен бері назар аударып келеді. Қазір қыстың қақаған суығы кірді қытай халқы ауған халқына осы көрпелер мен қыстық шапандар және басқа да қыста қолданатын заттарды ұсыну арқылы мейір бағыштады. Бұл қытай халқының ауған халқына деген мейір махаббатын бейнелейді және ол Қытай мен Ауғанстан арасындағы достықтың жақсы айғағы.

Ван Ю былай деді: Қытай мен Ауғанстанның тау-суы іргелесіп, тағдыры ортақтасып жатыр. Қытай Ауғанстанмен теңдік және өзара құрмет негізінде әртүрлі салалардағы достық ынтымақтастықты кеңейтіп, Ауғанстан экономикасының қайта құрылуы мен дербес дамуын қолдап, екі ел халқының тамаша тұрмысы үшін аянбай еңбек етеді.

Харроти Қытайдың Ауғанстанға үлкен көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, халықаралық қауымдастық Қытай сияқты қуатты көмек көрсетсе деген үмітін де білдірді. Ол Ауғанстанның уақытша үкіметі құрылғаннан кейін көп ұзамай-ақ Қытай Ауғанстан тарапына шұғыл гуманитарлық көмек көрсететінін жариялағанын айтты. Ауған халқының айдан аман, жылдан есен шығуына кепілдік ету үшін бұл қыста қолданылатын заттар тез арада мұқтаж жандардың қолына тиетін болатынын жеткізді. Ол сондай-ақ Америка Құрама Штаттары пен Батыс елдерін, Ауғанстанның қазіргі кездегі ауыр гуманитарлық дағдарыс пен экономикалық мәселелерін шешу үшін олар Ауғанстанның шетелдегі активтерін мүмкіндігінше тезірек босатуға шақырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото