Қысқы Олимпиада ойындарына қандай роботтар қызмет көрсетеді?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 14 желтоқсан

14 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында індеттің алдын алу және тежеу қажеттіліктерін ескере отырып, Бейжің Қысқы Олимпиадасының 9 негізгі қолданыс аймағында робаттар қызмет көрсетіп, Қысқы Олимпиаданың әртүрлі орындарына жүретін болады. Олар мыналар:пәтерге тіркелу, марапаттау, мобильді сауда, қауымға жеткізу және тапсырыс беру, тамақ жеткізу, үй қызметін көрсету, жабдықты жеткізу, нұсқаулықты аудару, қауіпсіздікті тексеру.

Эпидемияның алдын алу роботы

Қызметкерлерге эпидемияның алдын алу картасы болып табылатын QR кодын көп инспекциялық зияткерлік терминал құрылғысына сканерлеу ғана қажет. Ал жеке денсаулық туралы ақпарат, вакцинация және маршрут коды сияқты жеке ақпараттар құрылғы терминалында көрсетіледі. Бұл қызмет түрін көп болғанда 2 секундта өтеп, жүре беруге болады.

Жылжымалы температураны өлшейтін робот

Ол белгіленген маршрут бойынша адамдарды белсенді түрде іздеп, олардың дене қызуын өлшей алады. Дене қызуы өлшемнен асып кеткен адамдар байқалған сәтте, жедел ескертіп және жауапты адамға хабарлайды.

Дезинфекциялық робот

Атомизацияланған дезинфекциялық роботтың залалсыздандыру алаңы бір минутта 36 шаршы метрге дейін жетеді. Атомизацияланған дезинфекциялық роботпен қатар ультракүлгін сәулемен дезинфекциялау роботы да бар.

Зат тасымалдайтын робот

Бұл спортшының нәтижесін тасымалдайтын ақылды робот. Ол «лазерлік + көру» жүйесінде өзіне кедергі келтірмеу навигация принципін қолданып, емін-еркін жүреді.

Сыртқы ақылды зат тасымалдайтын робот

Оның жүк көтеру қуаты 30-300 кг. Қызметкерлер жеткізгісі келетін тауарларын зат тасымалдайтын роботтың үстіне қойса болғаны, робот өзі жеткізу станциясына әкеліп, жүкті алдын ала белгіленген маршрут бойынша түсіреді.

Ақылды мейрамхана

Ұлттық конгресс орталығының екінші кезең нысаны Қысқы Олимпиаданың басты медиа орталығындағы ақылды мейрамхана бүкіл әлемнен келген БАҚ тілшілері үшін тәулік бойы ақылды тамақтану қызметін ұсынатын болады. Ал мұнда аспаз-робот жұмыс істейді. Бұл бес саусағынан өнер тамған робот тамақ пісіріп, гамбургер жасап, балмұздақ қатырып, кофе әзірлеумен қатар, коктейльдер де жасай алады. Робот дайындаған дәмді тағамдар бұлтты-рельсті тасымалдау жүйесінің көмегімен жеткізіледі.

Марапаттау роботы

Ағымдағы жылдың сәуір айында Ұлттық конькимен жүгіру стадионында робот марапаттарының тікелей көрсетілімі өткен еді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото