- Барлық ақпарат
Шыңжаңдағы зорлық-зомбылық пен лаңкестік істердің бір топтамасы алғаш рет ашық жарияланды
![]() |
15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 13 желтоқсан күні, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионында Шыңжаңға қатысты мәселелер жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиналыста Шыңжаңда бұрын болған зорлық-зомбылық және лаңкестік істерінен зардап шеккендер, куәгерлер және олардың отбасындағылар шақырылып, бастарынан кешкен зорлық-зомбылық және лаңкестік туралы баяндады. Арада талай жылдар өтсе де, өткен күнге қайырылсақ, қасірет қабырғаны қайыстырары хақ. Олар Шыңжаңның бүгінгі орнықты күніне мың машақатпен келген, біз көрген зобалаңдар қайталанбай-ақ қойса екен деп үміттенеміз,- деді.
Баспасөз мәслихатында бұрын-соңды жарияланбаған зорлық-зомбылық және лаңкестік әрекеттерінің бірқатар көріністері ашылды. Сонымен бірге 2012 жылы Қағылықта, 2014 жылы Үрімшіде, 2014 жылы Бүгүр және Яркен ауданында болған ауыр зорлық-зомбылық террорлық актілердің куәгерлері мен зардап шеккендердің туыстарының бейнебаяны қойылды.
Біраздан бері АҚШ пен Батыстың Қытайға қарсы күштері Шыңжаңның лаңкестік пен экстремизммен заң бойынша күресуі және барлық этникалық топтардың негізгі адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі әділ әрекеттеріне қатыгездікпен «геноцид» деген атақ тақты. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы халық үкіметінің баспасөз хатшысы Сюй Гуйсян бейнежазбаны көріп, куәгерлердің әңгімесін есту арқылы ар-ұжданы бар әрбір адам Шыңжаңда кімнің бүлік туғызып жатқанын, адам құқығын кім бұзып отырғанын, жер бетінде «геноцид» және «адамзатқа қарсы» қылмыстарды кім жасағанын, кім сотқа тартылу керек екенін көре алады деді.
Сюй Гуйсян былай деді: лаңкестікпен заңға сәйкес қатаң түрде күресу Шыңжаң қоғамының тұрақтылығын сақтау және адам құқығын қорғау үшін сөзсіз таңдау болып табылады. Шыңжаң лаңкестікпен күресті белгілі бір аймақ, ұлт немесе дінмен байланыстырмай, жұмсақтық пен қатаңдықты профилактикалық білім беріп құтқарумен біріктіріп лаңкестікке тиым салды. Лаңкестік әрекеттердің жиі орын алуын тиімді ауыздықтады және барлық этникалық топтардың өмірі мен мал-мүлік қауіпсіздігін пәрменді сақтады.
Сюй Гуйсян тағы да қайталап: Шыңжаңға байланысты деп танылған мәселелер - зорлық-зомбылық пен жікшілдіктке қарсы тұру және ұшқарылықты жою. АҚШ пен Батыстың Қытайға қарсы күштерінің лаңкестікпен күрес мәселесін «стигматизациялау», бөліну мәселесін «демократияландыру» және адам құқықтары мәселесін «саясиландыру» әрекеттері ешқашан нәтиже бермейді. Шыңжаңның гүлденуі мен тұрақтылығына нұқсан келтіруге батылы баратын кез келген күштің түбегейлі сәтсіздікке ұшырайтыны даусыз.
people.cn © People's Daily Online