- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин мәдениет сенімділігін арттыру қажеттігін баса айтты
![]() |
15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП орталық комитетінің бас хатшысы, мемлекет төрағасы және орталық әскери істер комитетінің төрағасы Си Цзиньпин: «Барлық әдебиет пен өнер қайраткерлері өздерінің мәдени сана-сезімін арттырып, мәдениет сенімін күшейтіп, өзін-өзі жетілдіру мен ізгі мәдени жасампаздықты пайдаланып, Қытай әдебиеті мен өнерінің жаңа атмосферасын көрсетуі және жаңа даңқты Қытай мәдениетін дамытып, екінші жүз жылдық күрес нысанасына жету, Жұңхуа ұлтының ұлы гүлденуі сынды Қытай арманын жүзеге асыру үшін қуатты бастамашылық құндылықты, мәдени бірлік пен рухани қозғаушы күшін қосуы керек.
Бұл ҚКП орталық комитетінің бас хатшысы, мемлекет төрағасы және орталық әскери істер комитетінің төрағасы Си Цзиньпиннің 14 желтоқсан күні Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайында Қытай әдебиет және өнер үйірмелері қауымдастығының 11-інші мемлекеттік құрылтайы мен Қытай жазушылар қауымдастығының 10-ыншы мемлекеттік құрылтайының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі.
people.cn © People's Daily Online