Халық әні қанат бітірген Ізбасар

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 желтоқсан

15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Малсақ қазақ жігіті Ізбасар Бейсенжанұлы үнемі тау бөктерін әнмен жаңғыртып жүреді. Ол халық әндерін ұнатады, бала кезінен әнге құмартып өскен. Ізбасардың бүкіл өмірі әнмен тербеліп тұратын сияқты. Итін ерте жүріп те, баласын әлдилеп отырып та, жарының тамағы оттан түсуін күтіп жатып та әндетумен болады. «Ән - менің өмірімнің бір бөлшегі»,- дейді Ізбасар. Ақжарқын жігіттің ғұмырының мәні де, сәні де әуенмен өрнектеліп жатқандай.

 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото