Чжанцзякоу жарыс аймағы неліктен «губка» жарыс аймағы деп аталады?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 15 желтоқсан

15 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Чжанцзякоу жарыс алаңы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары қар сайысының негізгі жарыс алаңы болып табылады. Жасыл Олимпиада ойындарының талаптарын жүзеге асыруға сәйкес су ресурстарын толық жинайтын, тазартатын және қайта пайдаланатын «губка» жарыс алаңын құру үшін Чжанцзякоу аймағындағы 4 жарыс алаңы жаңбыр суын, жер үсті суын және қар суын жию жүйесін жобалап, жазғы жасыл суару мен қыстағы қар жасауға арналған қос пайдалы модельді іске асырды.

Чжанцзякоу Юндин шаңғы саябағы еріген қар суы мен жаңбыр суын жинау үшін, 280 мың текше метр су қоймасын салды. Оны жазда жасыл суаруға, қыста қар жасауға пайдалануға болады. Сондай-ақ суды 20 пайызға дейін үнемдейтін және экологияға зиянсыз қар жасау аспабын сатып алды.

Ежелгі терек алаңдары су ресурстарын ысырап етуді азайту, жаңбыр суын жинау және кәдеге жарату жұмыстары үшін түрлі шараларды қолданады.

Жаңбыр суын жинап пайдалану коэффициентін жақсарту үшін стадион алаңы микрон өлшемді кеуекті құм негізіндегі су өткізгіш кірпіштермен, су өткізетін бордюрлермен және суды сүзетін арықтармен жабдықталған.

Тау шаңғысы алаңында қардың еріген суын кәдеге жарату қондырғылары салынып, шаңғы жолдарына тосқауыл арықтар, шаңғы трассаларының қапталында және түбінде су жинау арықтары орнатылған. Жер асты кремний құмының өзін-өзі тазарту жүйесі жаңбыр суын және таудан ағатын бұлақ суын сақтау және тазарту үшін қолданылады. Ұя жүйесі арқылы тазартылған жаңбыр суы көріністерді суғару, жасылдандыру, қар жасау, дәретхананы тазалау сияқты жұмыстарға пайдаланады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото