- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Мен біздің «Қысқы Олимпиададағы кездесуімізді» асыға күтемін
![]() |
16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР-ның Төрағасы Си Цзиньпин 15 желтоқсан күні түстен кейін Бейжіңде Ресей Президенті В.Путинмен бейнеконференция өткізді.
ҚХР-ның Төрағасы Си Цзиньпин: «Бір айдан астам уақыттан кейін Сіз Қытайға келіп, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысатын боласыз. Мен біздің <Қысқы Олимпиададағы кездесуімізді> асыға күтемін және Сізбен бірге болашаққа бет алып, соңғы індет кезіндегі Қытай-Ресей қарым-қатынастарының жаңа бастамасын ашуға дайынмын», - деді.
Ресей Президенті В.Путин: «Мені осы айтулы шараға шақырғаныңыз үшін алғыс білдіремін. Халықаралық спорттық ынтымақтастықта біз әрқашан бір-бірімізді қолдағанымызды, оның ішінде спорт пен олимпиадалық шараларды саясиландыру әрекеттеріне қарсы тұрғанымызды атап өткім келеді. Қытай ең жоғары деңгейде және қызықты қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге толықтай қабілетті екеніне сенемін», - деді.
Жекелеген елдердің «үкімет шенеуніктерін қатысуға жібермеу» және Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына көлеңке түсіруге әрекет жасауы аясында Қытай мен Ресейдің мемлекет басшыларының бейнебаяндағы «келесі жылдың ақпан айында Бейжіңде кездесейік» және «болашаққа бірге аттанайық» сынды уәделері үлкен маңызға ие.
people.cn © People's Daily Online