Хубэй өлкесі Ичан қаласының бекірелері Қазақстан нарығында

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 16 желтоқсан

16 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Желтоқсанның 13-і күні тірі бекіре тұқымдас балықтарға толы жүк көлігі Шыңжаңдағы Қорғас автожол порты арқылы Қытай мен Қазақстан арасындағы ауыл шаруашылығы және қосалқы өнімдерді жылдам кедендік рәсімдейтін «Жасыл өткелмен» елден шығып, сол күні Қазақстанға келді. Бұл бекіре тұқымдас балықтардың жалпы салмағы 10 тонна, құны 1 миллион 790 мың юань. Олардың барлығы Хубэйдің Ичан қаласында қолда өсірілген. Балықтар су ыдыстарында тасымалданды.

Мәліметтерден белгілі болғанындай, бұл порт арқылы экспортталған тірі бекіре балықтарының екінші партиясы. 2020 жылдың 28 қыркүйегінде тағы да осы Хубэй өлкесінің Ичан қаласынан 12 тонна тірі бекіре балығы Қорғас порты арқылы елден шыққан болатын.

Қоректік құны жоғары ірі экономикалық балық ретінде бекіре өзінің тіл үйірер дәмімен, жоғары тағамдық құнарлылығымен және өнімнің үстеме құнымен халықаралық нарықта өте танымал.

«Қорғас» кеденінің қызметкері Ху Пэн былай дейді: «Бекіре балығы жаңа су өнімі, біз тасымалдау кезіндегі уақыттың кешігуінен аса сақтанамыз. Сондықтан тауарлардың кедендік ресімдеу жағдайын динамикалық түрде меңгеріп, ветеринариялық сертификаттар мен тиісті құжаттарды алдын ала қараймыз. Тауарлар портқа келгеннен кейін, порт карантинін жүзеге асыру үшін мүмкіндігінше тезірек «көлік құралдарын тексеру және шығару» тәсілі қабылданады әрі барлық шығу процедуралары 2 сағаттан аз уақыт ішінде аяқталады. Бұл тірі балық экспорттау кәсіпорындарының нарық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына көмектеседі».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото