Еліміздің солтүстігінде ауқымды теңіз жел энергетикасының негізгі жобасы аяқталды

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 17 желтоқсан

17 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Huaneng Group Далянь Чжуанхэ теңіз жел электр станциясының жел турбинасын орнату 16 желтоқсанда аяқталды. Бұл солтүстік аймақтағы ең үлкен жеке масштабтағы және ең жоғары ендіктегі теңіз жел электр қуатының негізгі жобасының аяқталуын білдіреді әрі жақын арада электр желісіне қосылатын болады.

Жоба Ляонин өлкесі, Чжуанхэ қаласы, Шичэн аралының шығысындағы теңіз аймағында орналасқан. Судың орташа тереңдігі 30 метр, станция орталығынан теңіз жағалауына дейін шамамен 35 шақырым қашықтықта, жоспарланған ауданы 55,8 шаршы километр, жобадағы орнатылған қуаты 350 МВт.

Қазіргі уақытта жобаны желіге қосып жөндеу кезеңіне өтті. Жалпы пайдалануға берілгеннен кейін жылдық электр энергиясын өндіру шамамен 960 млн кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл 960 000 үйдің тұрмыстық электр энергиясына деген жылдық сұранысын қанағаттандыра алады. Бірдей масштабтағы жылу электр станцияларымен салыстырғанда жыл сайын 300 000 тонна стандартты көмірді үнемдеуге және ауаны ластайтын зат қалдықтарын 660 000 тоннаға азайтуға болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото