Қытайдың Айдағы топырақты зерттеуі ай туралы түсініктерді жаңартады

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 20 желтоқсан

20 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 3,82 фунт Ай топырағында болашақтағы жанарзат қайнарына деген үміт жатыр.

Қытайлық ядролық ғалымдар қазіргі күні өткен жылдың соңында «Чанъэ-5» алып келген Ай топырағы үлгілерін зерттеу үстінде.

Бейжің ядролық өнеркәсіп геология институтының микроскобы арқылы жасымық тәрізді 50 миллиграммдық тастың құрамында гелий-3 деп аталатын изотоп бар деген болжам жасалды.

Ғалымдар бұл изотоп болашақта ядролық синтез реакторлары үшін қауіпсіз ядролық энергияны қамтамасыз ете алады деп есептейді, себебі ол радиоактивті емес. Гелий-3 жер бетінде сирек кездескенімен, айда көп деп есептеледі.

Қытай өзінің ғарыштық жобаларына қомақты қаржы құйып отыр. Елдің ғарышты бағындыру әлеуеті 2019 жылы айдың арғы (артқы) бетіне қонған бірінші ел болудан бастап, биылғы Марсты зерттеуге және жеке ғарыш станциясын салуға дейін жоғарылауда. Қытай ғалымдары жақында «Science» және «Nature» журналдарында мақалалар жариялады. Олар талдаған жанартаулық жыныс үлгідері қазірге дейін табылған Ай үлгілерінің ең жаңасы болып саналады әрі оларды зерттеу айға қатысты жаңа түсініктердің орнығуына жол ашады.

Бейжің де ғарыштық жобалар бойынша көбірек жаһандық одақтар құруда. Қытай ғылым академиясы француз әріптестерімен ай үлгілерін зерттеу туралы келісімге келгенін хабарлады. Қытай сондай-ақ алдағы он жылда бірлескен ай базасын дамыту үшін Ресей ғарыш агенттігімен ынтымақтастық орнататынын жариялады. Браун университетінде геология ғылымдарын зерттейтін профессор Джеймс Хайд: «Қытай ғарышқа Жібек жолын салуда» деп атап айтқан болатын. Ғарыштық миссиялар уақытты, инвестицияны және ұзақ мерзімді жоспарлауды талап етеді. Соған сәйкес Бейжің де стратегиялық инвестиция салуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото