Қысқы Олимпиада ойындарының қайсысында тұңғыш рет адам бейнесіндегі бойтұмар қолданылды?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 желтоқсан
Қысқы Олимпиада ойындарының қайсысында тұңғыш рет адам бейнесіндегі бойтұмар қолданылды?
1994 жылғы Лиллехаммер қысқы Олимпиадасының бойтұмары.

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Бойтұмар - қысқы Олимпиада ойындарындағы өте маңызды элемент. Алғашқы тұмар 1968 жылы Гренобльдегі қысқы Олимпиада ойындарына арнап жобаланған. Содан бері өткен қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмарлары жұртшылықтың назарын аударып келеді.

1994 жылғы Лиллехаммер қысқы Олимпиадасының бойтұмары Haakon (Хокон).

1994 жылғы Лиллехаммер қысқы Олимпиадасының бойтұмарында жастардың спортқа қызығушылығы мен аңсарын білдіру үшін бір жұп ұл және қыз баланың бейнесі белгіленген болатын. Сонымен ол Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет адам бейнесі салынған бойтұмар болып қалды.

1994 жылғы Лиллехаммер қысқы Олимпиадасының бойтұмары Kristin (Кристин).

Мұндағы ұл баланың аты Haakon (Хокон), қыз баланың аты Kristin (Кристин). Норвег ертегілерінде олар орта ғасырларда дүрбелеңге ұшыраған Норвегияға бейбітшілік орнатуға көмектескен ханзада мен ханшайым екен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото