Қытайдың электр көліктері еуропалық нарыққа қадам басты

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 21 желтоқсан

21 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Үстіміздегі жылы қытайлық Weilai ES8 моделі Норвегияда пайдаланушылар үшін ресми түрде ашылды; Германиядағы Мюнхен халықаралық автосалонында Қытайдың Great Wall Motors еншілес кәсіпорны Wei брендінің біріккен гибридті (PHEV) моделі Mocha (Coffee 01) жаһандық дебютін жасады.

Қытайлық автоөндірушілер еуропалық нарыққа күш салуды жалғастыруда. Ал Қытайда шығарылған электр көліктері тұтынушылардың сеніміне ие бола бастады.

Қазіргі уақытта электромобильдердің еуропалық нарықта даму мүмкіндігі зор. Биылғы жылы Еуропалық комиссия климаттың өзгеруіне ықпал ететін пакеттік жоспарды ұсынды. Бұл ұсынысқа сәйкес, қалдықтарды қысқарту бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2030 жылы жаңадан тіркелген жанармаймен жүретін көліктер саны 2021 жылмен салыстырғанда 55 пайызға қысқарады, ал 2035 жылға қарай тіркелген жаңа жанармай көліктері болмайды.

Халықаралық танымал McKinsey консалтингтік фирмасының Мюнхендегі кеңсесінің серіктесі Патрик Сауфус саясатты қолдау және көмірқышқыл газының қалдықтары бойынша тыйым жасау Еуропа елдеріндегі шығарындылары төмен және нөлдік шығарындылары бар көліктерге сұраныс пен өндірісті айтарлықтай ілгерілеткенін айтты. Деректер Еуропалық Одақтың жасыл энергетикаға көшу саясатын алға жылжыту аясында, 2021 жылдың үшінші тоқсанында Еуропаның 18 елінде жаңа автомобильдер сатылымының 13%-ын электрлі көліктер құрағанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта қытайлық автокөлік компаниялары Еуропа нарығында бәсекелестіктің бастапқы қатарында тұр. Nikkei баяндамасына сәйкес, қытайлық электромобиль өндірушілері бүкіл әлемдік нарыққа қадам жасап, көлік саласында ең алғаш ауқымды нарықты қалыптастырған Еуропаға біртіндеп еніп жатыр.

Құндылығы жоғары қытайлық электр көліктері еуропалық нарықта қарқынды даму кезеңін бастады және еуропалық өнеркәсіп пен тұтынушылардың ықыласына бөленіп жатыр.

Nikkei Қытайдың SAIC Group компаниясы шығарған «MG» таза электр көлігінің энергия қоры жеткілікті қашықтығы жоғары және онымен деңгейлес еуропалық өнімдермен салыстырғанда айтарлықтай баға артықшылығы бар екенін айтты. 2021 жылдың алғашқы 11 айында MG-нің Ұлыбританиядағы жаңа автокөліктерді сату үлесі 1,9%-ға жетіп, Honda мен Mazda-ны басып озды; қарашадағы үлесі 3,6%-ға дейін өсті, бұл Nissan мен Ford-қа деңгейлес.

Немістің «Жаңа факт» нарықты зерттеу компаниясы жүргізген нарық сауалнамасына қатысқан германиялықтардың жартысына жуығы қытайлық электр көліктерін сатып алуды құптайды. Ал олардың 19%-ы қытайлық өндірушілердің электромобильдерін сатып алуға дайын. Жастар мен орта жастағылардың арасында сатып алуға деген ынта жоғары.

Сонымен қатар, қытайлық маркалы көліктердің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің жақсаруы Қытай мен Еуропалық Одақтың жасыл ынтымақтастығына көбірек серпін беруде.

MG және NIO екеуі де Еуропалық Жаңа автокөлік қауіпсіздігін бағалау қауымдастығының бес жұлдызды рейтингтеріне ие болды.

McKinsey зерттеуі Қытайдың электр көлігі өнеркәсібінің, әсіресе таза электр көліктері тұрғысынан үлкен мәнге ие екенін, Қытай әлі де көшбасшылықты сақтап отырғанын және Қытайдың батарея шығаруы Еуропадан әлдеқайда асып түсетінін көрсетті.

Неміс халықаралық автокөлік өндірушілері қауымдастығының Берлиндегі өкілдігінің басшысы Питер Майер қауымдастықтың Қытай автоөндірушілерімен ықтимал мүшелік туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын, ерте ме, кеш пе, Қытай брендтерінің қауымдастыққа қосылатындығын айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото