Қысқы Олимпиада өткізілетін орын неғұрлым суық болса, соғұрлым жақсы ма?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 22 желтоқсан

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Неліктен қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян және Цзилинь өлкесі сынды суық жерлерде емес, Бейжіңде өтеді?

Қысқы Олимпиада ойындарының өтетін жері суық болған сайын жақсы деуге болмайды. Өйткені тым төмен температура спортшылардың өнер көрсетуіне қолайсыз, спортшылар оңай суықтап қалуы да мүмкін.

Халықаралық Олимпиада комитеті қысқы Олимпиада ойындарын өткізу орнының шекті температурасы минус 17°С-тан төмен болмауын талап етеді. Хэйлунцз сынды жерлердегі қарлы алқаптардың температурасы әдетте минус 20°C-тан төмен. Бұл Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесіне сәйкес келмейтіні анық. Егер мұз қату немесе қарлы боран жиі болып тұрса, спортшылар сыртта жарыса да алмайды.

Алдыңғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізген қалалардың географиялық таралу картасы.

Бейжің мен Чжанцзякоу 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге бірлесіп өтінім бергенде, қардағы жобаның орны да осы қағиданы ұстанды. Қар шараларының көпшілігін өткізу жоспарланған Чжанцзякоудағы Чунли ауданында орташа жылдық қардың түсуі 63,5 см, сырғанау мерзімі шамамен 100 күннің айналасында болады. Ол жердің қыстағы орташа температурасы 3,3°С болып, қарлы болса да, аса суық емес деп есептеледі.

Қысқы Олимпиада ойындарын өткізгендегі ауа райының екі негізгі көрсеткіші бар. Бірі ақпандағы орташа температура 0℃-тан төмен болса, екіншісі ақпанда жауған қардың 30 см-ден жоғары болуы.

Температура бойынша ауа райының минус 12℃ - 2℃ болуы лайықты болып табылады. Температура тым жоғары болса, қардың сапасы нашарлап, жұмсарып кетеді де, үйкеліс күшейеді. Ал температура тым төмен болса, қар қатып, спортшылар оңай қателеседі, тіпті суық өту қаупі де болады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото