Ван Шоувэнь: Қытай Еуразиялық экономикалық одақпен бірге екі жақтың экономикалық және сауда ынтымақтастығын жоғары деңгейде дамытуға дайын

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 желтоқсан

23 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің 22 желтоқсандағы хабарлауынша, 21 желтоқсан күні «Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ экономикалық және сауда ынтымақтастығы туралы келісімі» бірлескен комитетінің екінші отырысы бейнеконференция түрінде өтті. Жиналысқа Қытай Сауда вице-министрі және халықаралық сауда келіссөздері өкілінің орынбасары Ван Шоувэнь Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда комиссары Срепневпен бірге төрағалық етті.

Ван Шоувэнь Қытаймен одаққа мүше елдер бір-бірімен маңызды серіктес екенін айтып, Қытай «Келісімшартты» тиянақтандыруды мүмкіндік ретінде көруге дайын екендігін, сауданың әлеуетін толық пайдаланып, одақпен өзара байланыс деңгейін жақсарта түсетіндігін айтты. Сонымен бірге «Бір белдеу, бір жол» құрылысы және одақтың түйісу ынтымақтастығы коннотациясын үздіксіз байытып, экономикалық және сауда ынтымақтастығының шеңберін кеңейтуге, жаһандық эпидемияға қарсы бірлесіп әрекет ету және Қытай мен одақтың экономикалық және сауда ынтымақтастығының жоғары деңгейде дамуына ықпал ететінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото