Қысқы Олимпиада ойындарына ауа райы қызметі қаншалықты маңызды?

(Онлайн Халық Газеті)2021 жыл 23 желтоқсан

22 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- Қысқы Олимпиада ойындарындағы мұз жарысы 30 пайызды, қар ойындары 70 пайызды құрайды. Қар жобасы ашық алаңда болғандықтан, оған ауа райының құбылысы көбірек әсер етеді. Желдің жылдамдығы, жел күші, температура және күннің ашықтық деңгейі (бұлт, тұман) сияқтылардың барлығы спортшылардың ойын көрсетуіне ықпал жасайды.

Бұрынғы ойындарда қалың қар, тұман, қатты жел, аса ыстық және басқа да қолайсыз ауа райы орын алған кезде ойын уақытша тоқтатылып, жарыс кестесі өзгертіліп жататын. Тіпті ойын түрінің өтпей қалған жағдайлары да кездескен.

Бұрынғы қысқы Олимпиада мұхиттық климатта өткен. Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары соңғы 20 жылдағы континенттік муссондық климаттық аймақта өткізілген алғашқы Қысқы Олимпиада саналады.

Жыл сайын ақпаннан наурызға дейін Бейжің мен Чжанцзякоуде қыс пен көктемнің ауыспалы маусымы болып тұрады. Бұл кезде төмен температура, қатты жел, қардың аз түсуі және шаң тұру сияқты төтенше ауа райы өзгерісі болады. Олардың ішінде желді ауа райы қар жобасына әсер етуі мүмкін. Осы мақсатта Бейжің ауа райы қызметіне кепілдік етуге дайындық жасалды.

Қысқы Олимпиада ойындарының өзегі ретінде Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу жарыс аймақтарында әр түрлі деңгейдегі 441 анықтау құрылғысы орнатылды.

Метеорологиялық департамент күрделі рельефте 100 метр ажыратымдылықпен және 10 минуттық жылдам ауыстырумен Қысқы Олимпиада ойындарының негізгі ауа райы элементтерінің болжамын жүзеге асырып, жарыстың кепілдік шартын қанағаттандырады.

Қар жобасының нысандары орналасқан Янцин және Чжанцзякоудың таулы жердің ауа райы құбылмалы. Кепілдік топ әр орын және әртүрлі жобалар үшін егжей-тегжейлі болжау қызметтерін көрсететін болады.

Ғылыми тұрғыда еліміздің ғылыми-зерттеу институттары ұзақ жылдар бойы күрделі таулы аймақтардағы шекаралық қабаттың ерекшеліктерін зерттеуге, қысқы қардың жаууын жан-жақты бақылауға және сандық модельдеуге, қысқа мерзімді тау метеорологиясының сандық болжамын, интеллектуалды тор болжамын және әуеден құтқаруды метеорологиялық қамтамасыз ету сияқты салаларда метеорологиялық жұмыстарды ғылыми-технологиялық жағынан қамтамасыз ету үшін үздіксіз зерттеулер жүргізіп келеді.

Көптеген жылдар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулерден кейін қысқы Олимпиада ойындарына ауа райы қызметінің кепілдігі толығымен жүзеге асты. Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу үш жарыс аймағының ауа райы қызметтерін қолдайтын ақпараттық желі құрылды, олар өзара байланыста болу, деректер алмастыру және сақтық көшірмелерін жасау сияқты қысқы Олимпиада ойындарының ауа райы деректері қызметін қамтамасыз етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото